Қазақстан Республикасы Президентініңи ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1243 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 524-құжат, 2004 ж., № 21, 265-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік қызметтің кадр әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік басқару кадрларын іріктеу кезінде демократия қағидаттарын бекіту, Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік саяси қызмет резервінің мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне кандидаттарды іріктеу және олармен жұмыс жөніндегі комиссия құрылсын.»;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережедегі:
«Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резерві» деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервi
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резерві - бұл осы Ережеде айқындалған тәртіппен түзілген, жүйеленген тізімге олар жөніндегі деректер енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтары.
2. Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резерві бірінші және екінші санаттағы кадр резервіне бөлінеді. Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне кандидаттарды іріктеу және олармен жұмыс жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссия) шешімі бойынша екінші санаттағы кадр резервінен бірінші санаттағы кадр резервіне ауысу жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік саяси қызметтің бірінші санаттағы кадр резерві - бұл:
1) орталық атқарушы органдардың басшылары;
2) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдері;
3) өзге де мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарына орналасу үшін жасақталатын кадр резерві.
4. Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резерві - бұл:
1) орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары;