Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 1195 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):
«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде іске асыру 2007 жылы басталатын білім беру объектілерінің тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
04 «Білім беру» функционалдық тобында:
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» әкімшісі бойынша:
046 «Мемлекеттік білім беру жүйесінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасында:
100 «Жалпы орта білім беретін әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту» кіші бағдарламасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«оның ішінде инвестициялық жобаларға:
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы
«Қазығұрт» шағын ауданында 1200 орындық орта
мектеп салу 418 823