Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 163 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 267 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 125, 75-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 2 наурыздағы
№ 163 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 ақпандағы
№ 185 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары
| Р/с № | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі |
| Әділет министрлігі | Үкімет | Парламент |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1. | «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан |
| 2. | Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау қызметі туралы | Әділетмині | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 2-тоқсан |