«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 786 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 401-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 9 шілдедегі
№ 786 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 5 қазандағы
№ 1529 қаулысымен бекітілген
Жаңартылатын энергия кездерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ЖЭК пайдалану мониторингі - ЖЭК энергетикалық әлеуеті және электр мен (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК пайдалану нәтижелері туралы ақпаратты жүйелі жинау, есепке алу және талдау;