Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223-III Қазақстан Республикасының Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223-III Қазақстан Республикасының Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Датапятница, 12 января 2007
Статус
Действующий
введен в действие с 12 января 2007
Дата последнего изменениявторник, 25 августа 2026

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Gold+, Bin+, Silver+, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы

(2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасы

3-бап. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасаудың, жүргізудің және сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудың мақсаты мен міндеттерi

4-бап. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мен жүргізудің және сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудың принциптерi

5-бап. Алып тасталды

6-бап. Уәкілетті органның құзыретi

7-бап. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу

8-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзудi жүзеге асыратын тіркеуші органдардың, мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi

2-тарау. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру, алып тастау немесе шартты түрде алып тастау

9-бап. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру

10-бап. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау

11-бап. Мәліметтер құпиясы

12-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi

 

 

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктер», «шетелдіктің», «Шетелдіктер» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «шетел азаматының», «Шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң жеке, заңды тұлға (филиал мен өкілдік) үшін сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудың негізінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мен жүргізудің мақсаттарын, міндеттерін, принциптері мен құқықтық негіздерін айқындайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) бақылау разряды - жеке сәйкестендіру нөмірін құрайтын цифрлық символдардың реттілігін аяқтайтын, оның қалыптастырылуының дұрыстығын бақылауға арналған цифрлық символ;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген бизнес-сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) е-резиденттің жеке сәйкестендіру нөмірі - уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық объектісінде шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адам үшін электрондық резидент белгісімен қалыптастырылатын бірегей нөмір;

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі - жеке сәйкестендіру нөмірлері туралы ақпаратты және олар берілген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді қалыптастыруға, есепке алуға, сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;

 5) мемлекеттік уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

6) сәйкестендіру нөмірі - сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтер туралы жазбаны жүргізуге мүмкіндік беретін сандық нышандар кезектілігі түрінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

7) сәйкестендіру нөмірі бар құжат - тіркеу органы беретін, сәйкестендіру нөмірінің бар екендігін растайтын құжат;

8) сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру - нәтижесінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде жеке және заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) туралы мәліметтердің негізінде уәкілетті орган сәйкестендіру нөмірін құратын процесс;

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері - жеке және бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тіркеу есептерін жүзеге асыруға арналған цифрлық жүйелер;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) тiркеушi органдар - мәлiметтердi тiркеудi және сәйкестендіру нөмiрi бар құжаттарды берудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

11) электрондық резидент (бұдан әрі - е-резидент) - Қазақстан Республикасының аумағына келмей, цифрлық объектіні пайдалану арқылы жеке сәйкестендіру нөмірін алған шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның мәртебесі;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

12) электрондық резиденттіктің е-резидент бағдарламасы - шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға электрондық резиденттің ерекше мәртебесін беру арқылы оларды тартуға бағытталған, Қазақстан Республикасының аумағына келмей, қашықтан қаржылық, банктік, коммуникациялық және ілеспе қызметтерді алуға мүмкіндік беретін бағдарлама.

2. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасының осы бапта көрсетілмеген арнайы ұғымдары осы Заңның тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.

3. Құжаттарда сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде:

1) ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі үшін;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі үшін;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

3) е-резиденттің ЖСН-і - е-резиденттің жеке сәйкестендіру нөмірі үшін ресми қысқарту болып танылады.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

 

2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-бап. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасаудың, жүргізудің және сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудың мақсаты мен міндеттерi

1. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мен жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасында сәйкестендіру нөмірін енгізу негізінде белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтерді тіркеудің бірыңғай жүйесіне көшу болып табылады.

2. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мен жүргізудің міндеттері:

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік органдардың цифрлық дерекқорларына өзекті сипат беру және ақпараттың қайталануын болғызбау;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) цифрлық ресурстарды басқару мен пайдалану тетігін жетілдіру;

3) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын олардың жүгінуі кезінде рәсімдерді жеделдету және оңайлату арқылы жетілдіру болып табылады.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Жеке немесе заңды тұлға (филиал мен өкілдік) үшін сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдеріндегі және мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің цифрлық жүйелеріндегі белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) қатысты мәліметтерді сақтау үшін жүзеге асырылады.

Е-резиденттің жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру кезінде көшіп келушілердің эталондық дерекқоры пайдаланылып, оның сәйкестендіру деректері тексеріледі, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың цифрлық профилін қалыптастыру үшін көшіп келушілердің эталондық дерекқорына мәліметтер беріледі.

4. Сәйкестендіру нөмірі:

1) азаматтық хал актілерін тіркеу;

2) жеке басты куәландыратын құжаттарды беру;

3) жылжымайтын, жылжымалы мүлік объектілерін, сондай-ақ жылжымайтын заттарға теңестірілген өзге де объектілерді мемлекеттік тіркеу;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді орындау;

4-тармақтың 5) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарын және бейрезидент-заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарын қоспағанда, банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банктік шоттарды ашу және жүргізу;

6) рұқсат беру сипатындағы құжаттарды беру;

7) тіркеу сипатындағы құжаттарды беру;

8) әскери билетті, офицердің жеке куәлігін беру;

9) статистикалық тіркелімдерді жүргізу;

10) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;

11) сайлаушыларды сайлауларда және республикалық референдумдарға қатысу кезінде тіркеу;

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) орталық мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің цифрлық жүйелерін жүргізу;

13) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу);

14) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде;

15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген басқа да жағдайларда қолданылады.

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Е-резиденттің жеке сәйкестендіру нөмірі осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 13) және 15) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыру кезінде қолданылады.

 

4-бап. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мен жүргізудің және сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудың принциптерi

Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мен жүргізу, сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру заңдылық, бірлік, міндеттілік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау, құпиялылық, электрондық ақпараттық ресурстардың тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

5-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

6-бап. Уәкілетті органның құзыретi

Уәкілетті орган:

1) өз құзыреті шегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

2) - 3) 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) сәйкестендіру нөмірі бар құжаттардың әзірленуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

5) 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

7-бап. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу

1. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу тиісті ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етіледі.

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, мекемелерінің және өзге де заңды тұлғаларының ақпараттық жүйелері үшін электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.

3. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері:

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді;

2) тіркеуші және басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерден алынатын мәліметтерді;

3) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің құрамына кіретін мәліметтердің барлық өзгерістері туралы ақпаратты қамтиды.

 

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзудi жүзеге асыратын тіркеуші органдардың, мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi

1. 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Тіркеуші органдар:

1) сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін уәкілетті мемлекеттік органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде уақтылы ұсынуды;

2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерін толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынуды;

3) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынуды жүзеге асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер:

1) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің ақпараттық жүйелерінің деректерін толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынуды;

2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынуды жүзеге асыруға міндетті.

«Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қорының кіріктірілген бөлігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау біріңғай ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимыл ережесін қараңыз

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерінде электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру, алып тастау немесе шартты түрде алып тастау

 

9-бап. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізуді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қамтамасыз етеді.

2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жеке сәйкестендiру нөмiрiн қамтитын интегралдық микросхема осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4), 4-1), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарға орналастырылады.

2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мыналар:

1) туу туралы куәлік;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) баланың туу туралы медициналық куәлігі;

2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

4) шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.13.05. № 327-VІ Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1) қандас куәлігі;

5) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;

7) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ Заңымен (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді

8) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8-1) е-резиденттер үшін тіркеу куәлігі;

2020.13.05. № 327-VІ Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9) жол жүру құжаты жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар болып табылады.

4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар:

1) 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) қызметiн филиал мен өкiлдiк арқылы (тұрақты мекеме құра отырып) Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн - филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;

2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша редакцияда

4) мыналар:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;

Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар үшін тіркеу куәлігі болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу, рұқсат беру және өзге де сипаттағы құжаттарды берген кезде сәйкестендіру нөмірін ескеруге міндетті.

Банктер, бейрезидент-банктердің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сәйкестендіру нөмірін ескеруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қалыптастыру алгоритміне сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) есептеу алгоритміне сәйкес жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.

2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру:

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн бірінші рет:

баланың туу туралы медициналық куәлігін;

туу туралы куәлiктi;

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін беру кезiнде;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін бірінші рет:

баланың туу туралы медициналық куәлігін;

тіркеу куәлігін;

Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру кезінде;

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ Заңымен (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1) тармақша өзгертілді

2-1) этникалық қазақтар үшін қандас мәртебесін беру кезінде жүзеге асырылады.

3) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Бала асырап алу, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының есептеу алгоритміне сәйкес келмеу жағдайларынан басқа, осы тармақта көрсетiлген құжаттарды қайтадан және одан кейiн беру кезінде жаңа жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру жүргізілмейді.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар е-резидент мәртебесін алған жағдайда, олардың жеке басын сәйкестендіру биометриялық сәйкестендіруі бар цифрлық объектілерді пайдалану арқылы жүргізіледі.

Осы Заңға сәйкес е-резиденттің жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жүзеге асырылады.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру олар Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде және тіркеу органдарына тек жеке өзі жүгінген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басын сәйкестендіру мақсатында жүзеге асырылады.

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!