«Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 тамыздағы № 1031 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 14, 189-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 тамыздағы
№ 1031 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 сәуірдегі
№ 540 қаулысына
қосымша
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану
жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның
құрамы
| Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
| Толыбаев Марат Еркінұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төрағаның орынбасары |
| Жақсалиев Бақытжан Мұхамбетқалиұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, төрағаның орынбасары |
| Жәкенов Мұхтар Сейфоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті су ресурстарын пайдалану және қорғау басқармасының бастығы, хатшы |
| Мұхамбетов Мирлан Бегежанұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |