«Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1249 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1210 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 208 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1249 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 28-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 1210 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 28 қарашадағы
№ 1249 қаулысымен
бекітілген
Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету
қағидасы
1. Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Кеден одағына мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу кезінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) декларация - импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация;
2) өтініш - тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;