Қазақстан Республикасының
Заңы
Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы
(2026.12.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы
3-бап. Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің мақсаты мен қағидаттары
4-бап. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары
5-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің құқықтары мен міндеттері
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАР ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы құзыреті
7-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
8-бап. Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
9-1-бап. Орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті органның құзыреті
10-бап. Орталық мемлекеттік органдардың құзыреті
11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыреті
11-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыру
11-2-бап. Әріптестік ұйым
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІЛІМІ, ОЛАРДЫ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ
12-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі
13-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге және бекітуге қойылатын жалпы талаптар
14-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің мазмұнына қойылатын талаптар
15-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау
16-бап. Алып тасталды
17-бап. Алып тасталды
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК НЕМЕСЕ ƏЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАР ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ
18-бап. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету
19-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуі
19-1-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден бас тартуы
20-бап. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету
21-бап. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету
21-1-бап. Проактивті қызметтер көрсету
21-2-бап. Жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы
22-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингі
23-бап. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету
24-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін төлемақы
25-бап. Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері
5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ
26-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және оған қоғамдық мониторингті жүргізу қағидаттары
27-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау
27-1-бап. Тексерудің түрлері жəне оларды жүргізу тəртібі
27-2-бап. Тексеру жүргізу мерзімдері жəне ол аяқталғаннан кейін қабылданатын шаралар
27-3-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің тексеру жүргізілген кездегі құқықтары мен міндеттері
27-4-бап. Тексерудің жарамсыздығы
28-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу тәртібі
29-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
30-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган - ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды; 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-2) тармақша жаңа редакцияда
1-2) əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызмет - мемлекеттік көрсетілетін қызметті қоспағанда, тұрақты негізде көрсетілетін жəне жеке жəне заңды тұлғалардың базалық жəне қоғамдық маңызы бар қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған көрсетілетін қызмет;
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-3) əріптестік келісім - мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау жəне көрсетілетін қызметті алушыға олардың нəтижелерін беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін талаптарға сəйкес келетін жəне мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті органның іріктеуінен өткен кəсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік корпорация жасаған келісім;
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-4) əріптестік ұйым - осы Заңға сəйкес əріптестік келісім жасаған кəсіпкерлік субъектісі;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-5) «бір өтініш» қағидаты - бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығы көзделетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны;
2) «бір терезе» қағидаты - мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетудің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін нысаны;
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызмет - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өлшемшарттарына сай келетін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция;
3) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет - үздіксіз негізде жүзеге асырылатын және қоғамның заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) Мемлекеттік корпорацияның мобильдік қосымшасы - Мемлекеттік корпорациямен бейнебайланыс арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектісі;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметке қосымша сервис - көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметке қосымша түрде жеке тәртіппен көрсетілетін қызмет;
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дара кəсіпкерлерді жəне жеке практикамен айналысатын адамдарды, заң консультанттарын қоспағанда, жеке тұлғалардың бақуаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе өзге де мемлекеттік қолдау нысандары;
6) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) Бірыңғай байланыс орталығы - мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша - ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі - мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жоба - мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі процестердің, тәсілдердің өзгеруін сынамалау жөніндегі процесс;
11) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі - жеке тұлғалардың, коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі туралы ақпаратты жинау, талдау және ұсынымдарды тұжырымдау жөніндегі қызметі;
12) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау - көрсетілетін қызметті алушыларды орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін айқындау жөніндегі қызмет;
13) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
15) мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру - электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі;
16) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган - мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 17-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-1) проактивті көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 17-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-2) реинжиниринг - ұйым қызметінің тиімділігін, сапасын және нәтижелілігін арттыру мақсатында ағымдағы жұмыс процесін қайта өзгерту;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды
17-3) стационарлық абоненттік құрылғы - сымдар арқылы берілетін электр сигналдарының немесе радиосигналдардың көмегімен абонент берген ақпаратты қашықтан беруді немесе қабылдауды қамтамасыз ететін байланыс құралы;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 17-4) тармақшамен толықтырылды
17-4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы - абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;
18) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің мақсаты мен қағидаттары
Көрсетілетін қызметті алушыларға сапалы мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетілуін қамтамасыз ету мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты болып табылады.
Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
4-бап. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары
1. Көрсетілетін қызметті алушылардың:
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету тəртібін айқындайтын жəне көрсетілетін қызметті беруші бекіткен қағидаларға сəйкес əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) көрсетілетін қызметті берушінің жəне (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның жəне (немесе) оның жұмыскерлерінің əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мəселелері бойынша шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тəртіппен шағымдануға;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «бір өтініш» қағидаты бойынша алуға;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) осы Заңның 15-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылауларға қатысуға;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын қағидаларға сәйкес цифрлық құжаттар сервисінен өзіне және отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне қатысты электрондық құжаттарды пайдалануға құқығы бар.
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең жағдайда алады.
5-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің құқықтары мен міндеттері
1. Көрсетілетін қызметті берушілердің:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) орталық мемлекеттік органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінен мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін қажетті ақпаратты алуға құқығы бар.
2) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Көрсетілетін қызметті берушілер:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын жəне көрсетілетін қызметті беруші тиісті салада реттеуді немесе басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті органмен келісу бойынша бекіткен қағидаларға сəйкес əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуге;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)