Қазақстан Республикасының
Заңы
Дербес деректер және оларды қорғау туралы
(2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2026.12.06. № 311-VIII ҚР Заңын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Осы Заңның мақсаты
3-бап. Осы Заңның қолданылуы
4-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасы
5-бап. Дербес деректердi жинау, өңдеу және қорғау қағидаттары
2-тарау. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
6-бап. Дербес деректерге қолжетімділік
7-бап. Дербес деректерді жинау, өңдеу шарттары және дербес деректерді жинаудың, өңдеудің ерекшеліктері
8-бап. Субъектiнiң дербес деректердi жинауға, өңдеуге келiсiм беру (керi қайтарып алу) тәртiбi
8-1-бап. Мемлекеттік сервис
8-2-бап. Мемлекеттік емес сервис
9-бап. Дербес деректердi субъектiнiң келiсiмiнсiз жинау, өңдеу
10-бап. Дербес деректерге қол жеткізу
10-1-бап. Дербес деректерді өңдеуді бастау және өңдеуді тоқтату туралы хабарлама
11-бап. Дербес деректердiң құпиялылығы
12-бап. Дербес деректерді жинақтау және сақтау
13-бап. Дербес деректерді өзгерту және толықтыру
14-бап. Дербес деректерді пайдалану
15-бап. Дербес деректерді тарату
16-бап. Дербес деректерді трансшекаралық беру
17-бап. Дербес деректердi иесiздендiру
18-бап. Дербес деректерді жою, алып тастау
19-бап. Дербес деректермен іс-әрекеттер жасау туралы хабарлама
19-1-бап. Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуге қойылатын талаптар
3-тарау. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
20-бап. Дербес деректерді қорғау кепілдігі
21-бап. Дербес деректерді қорғаудың мақсаттары
22-бап. Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі міндеттері
23-бап. Дербес деректерді қамтитын цифрлық ресурстарды қорғау
23-1-бап. Ерікті киберсақтандыру
23-2-бап. Дербес деректер қауіпсіздігін бұзушылықтар тізілімі
4-тарау. СУБЪЕКТІНІҢ, МЕНШІК ИЕСІНІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОПЕРАТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
24-бап. Субъектiнiң құқықтары мен міндеттері
25-бап. Меншік иесінің және (немесе) оператордың, дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаның құқықтары мен міндеттері
25-1-бап. Дербес деректерді өңдейтін меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, сондай-ақ үшінші тұлғалардың сыныптамасы
5-тарау. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
26-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
27-бап. Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
27-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
27-2-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
27-3-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
28-бап. Осы Заңның қолданылуын қадағалау
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
29-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
30-бап. Дауларға шағым жасау және оларды қарау тәртібі
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен бүкіл мəтін бойынша «ақпараттандыру объектілеріндегі», «мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілеріндегі», «ақпараттандыру объектілерімен», «ақпараттандыру объектілеріне», «ақпараттандыру объектілерінің», «мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерінің», «ақпараттандыру объектілерін», «электрондық үкіметтің», «электрондық ақпараттық ресурстарда», «электрондық ақпараттық ресурстардың», «электрондық ақпараттық ресурстарды», «электрондық ақпараттық ресурстардағы», «ақпараттандыру объектілеріне» деген сөздер тиісінше «цифрлық объектілеріндегі», «цифрлық объектілерімен», «цифрлық объектілерге», «цифрлық объектілерінің», «мемлекеттік емес цифрлық объектілердің», «цифрлық объектілерін», «цифрлық үкіметтің», «цифрлық ресурстарда», «цифрлық ресурстардың», «цифрлық ресурстарды», «цифрлық ресурстардағы», «цифрлық объектілерге» деген сөздермен ауыстырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң дербес деректер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ дербес деректердi жинаумен, өңдеумен және қорғаумен байланысты қызметтiң мақсатын, қағидаттарын және құқықтық негiздерiн айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) дербес деректер - дербес деректердің бір немесе бірнеше сəйкестендіргішімен толықтырылған, дербес деректер субъектісі туралы мəліметтер немесе мəліметтер жиынтығы;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі (бұдан әрі - мемлекеттік сервис) - дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік емес бақылау сервисі (бұдан әрі - мемлекеттік емес сервис) - дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік емес цифрлық объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;
2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-3) дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу - цифрлық объектісінің дербес деректерді өңдеуі, бұл меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның өңдеу процесіне қатысуын болғызбайды;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-4) дербес деректерді алып тастау - цифрлық объектіден дербес деректерді алып тастауға бағытталған әрекеттер, бұл әрекеттерді жасау нәтижесінде дербес деректерді қалпына келтіру мүмкін болмайды;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2-5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-5) дербес деректерді анонимдеу - дербес деректерді сәйкестендіргіштерді қалпына келмейтіндей түрлендіруге бағытталған әрекеттер, бұл әрекеттерді жасау нәтижесінде дербес деректердің қай дербес деректер субъектісіне тиесілігін айқындау мүмкін болмайды;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) дербес деректердi бұғаттау - дербес деректердi жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесiздендiруді, жоюды және алып тастауды уақытша тоқтату жөніндегі іс-әрекеттер;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) дербес деректерді бүркемелеу - нақты дербес деректердің бір бөлігін жалған және (немесе) иесі көрсетілмеген деректермен ауыстыру арқылы ақпаратты қорғау процесі;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) дербес деректерді жалпыға бірдей қолжетімді көздерде тарату - жасалуы нәтижесінде адамдардың шектелмеген тобына дербес деректерге қолжетімділік берілетін әрекеттер;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) дербес деректерді жинақтау - дербес деректерді қамтитын базаға және (немесе) дербес деректерді қамтитын цифрлық объектіге дербес деректерді енгізу арқылы оларды жүйелендіру жөніндегі іс-әрекеттер;
5) дербес деректерді жинау - дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) дербес деректерді жинауды және (немесе) өңдеуді жүзеге асыратын тұлғалар тізілімі - дербес деректерді жинауды және (немесе) өңдеуді жүзеге асыратын меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тізбесі;
6) дербес деректердi жою - жасалуы нәтижесінде дербес деректердi қалпына келтiру мүмкін болмайтын iс-әрекеттер;
7) дербес деректердi иесiздендiру - жасалуы нәтижесiнде дербес деректердiң дербес деректер субъектiсіне тиесiлiгiн анықтау мүмкін болмайтын iс-әрекеттер;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) дербес деректерді қамтитын база (бұдан әрі - база) - ретке келтірілген қағаз жеткізгіштегі дербес деректердің жиынтығы;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) дербес деректерді қамтитын базаның және (немесе) цифрлық объектінің меншік иесі (бұдан әрі - меншік иесі) - қағаз жеткізгіштегі базаны және (немесе) дербес деректерді қамтитын цифрлық объектіні Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) дербес деректерді қамтитын базаның және (немесе) цифрлық объектінің операторы (бұдан әрі - оператор) - дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) дербес деректерді қамтитын цифрлық объект - ретке келтірілген дербес деректердің жиынтығын қамтитын цифрлық объект;
11) дербес деректерді қорғау - осы Заңда белгіленген мақсаттарда жүзеге асырылатын шаралар, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) дербес деректерді қорғау саласында уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - дербес деректерді қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11-2) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) дербес деректердi өңдеу - дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесiздендiруге, анонимдеуге, бұғаттауға, жоюға және алып тастауға бағытталған iс-әрекеттер;
13) дербес деректердi пайдалану - меншік иесінің, оператордың және үшінші тұлғаның қызмет мақсаттарын іске асыруға бағытталған дербес деректермен жасалатын iс-әрекеттер;
14) дербес деректерді сақтау - дербес деректердің тұтастығын, құпиялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттер;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) дербес деректерді сәйкестендіргіш - дербес деректер субъектісін сәйкестендіруге немесе ол туралы жекелеген деректер жинағын осы субъектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер жиынтығына байланыстыруға мүмкіндік беретін ақпарат;
2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді
15) дербес деректердi тарату - жасалуы нәтижесінде дербес деректер берілетін, оның ішінде масс-медиа арқылы берілетін немесе белгілі бір адамға немесе белгілі бір адамдар тобына алдын ала белгіленген тәсiлмен дербес деректерге қол жеткізу ұсынылатын іс-әрекеттер;
2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 15-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-1) дербес деректер қауіпсіздігін бұзушылықтар тізілімі - қауіпсіздігі бұзылған дербес деректер тізбесі;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
15-2) дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы - берілетін, сақталатын немесе өзге де түрде өңделетін дербес деректердің заңсыз таралуына, өзгертілуіне, жойылуына және алып тасталуына, санкцияланбаған таралуына немесе оларға санкцияланбаған қол жеткізуге алып келген дербес деректер қорғалуының бұзылуы;
16) дербес деректер субъектiсi (бұдан әрі - субъект) - дербес деректер тиесілі жеке тұлға;
17) үшiншi тұлға - субъект, меншік иесі және (немесе) оператор болып табылмайтын, бiрақ дербес деректердi жинау, өңдеу және қорғау бойынша олармен (онымен) мән-жайлар немесе құқық қатынастары арқылы байланысты болатын тұлға;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
18) цифрлық деректерді хештеу - кез келген көлемдегі цифрлық деректерді қорғау мақсатында оларды тіркеп-белгіленген ұзындық жолағына түрлендіру процесі.
2-бап. Осы Заңның мақсаты
Осы Заңның мақсаты адамның және азаматтың дербес деректерiн жинау және өңдеу кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылуы
1. Осы Заңмен дербес деректердi жинауға, өңдеуге және қорғауға байланысты қатынастар реттеледi.
2. Дербес деректердi жинау, өңдеу және қорғау ерекшелiктері өзге де заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен реттелуі мүмкін.
3. Осы Заңның күші:
1) егер бұл ретте басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылмаса, субъектілердің тек қана жеке және отбасылық мұқтаж үшін дербес деректерді жинауы, өңдеуі және қорғауы;
2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның жеке өмірі, жеке басының және отбасылық құпиясы туралы мәліметтерді қамтитын архивтік құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану;
3) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі, сондай-ақ қорғалатын тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыру барысында дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау кезiнде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
4-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
5-бап. Дербес деректердi жинау, өңдеу және қорғау қағидаттары
Дербес деректердi жинау, өңдеу және қорғау:
1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) заңдылық;
3) қолжетімділігі шектеулі дербес деректердің құпиялылығы;
4) субъектілер, меншік иелері және операторлар құқықтарының теңдігі;
5) жеке бастың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Дербес деректерге қолжетімділік
Дербес деректер қолжетімділігі бойынша жалпыға бірдей қолжетімді және қолжетімділігі шектеулі болып бөлінеді.
Дербес деректерді сәйкестендіргіштер жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерге және қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қатысты субъектіні сәйкестендіру үшін қолданылады.
Дербес деректерді сәйкестендіргіштерге:
1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) жиынтығында;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) субъектінің бет бейнесі;
4) субъект бетінің биометриялық векторы немесе оның бастапқы мәніне дейін қалпына келтірілуі мүмкін туындылары жатады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын, оларға қол жеткізу субъектінің келісімімен еркін болып табылатын дербес деректер немесе мәліметтер жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер болып табылады.
Субъект туралы жиналуы және өңделуі Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып жасалған мәліметтер субъектінің немесе оның заңды өкілінің талап етуі бойынша не соттың немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша бір жұмыс күні ішінде дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінен алып тасталады.
Бұл ретте дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінен дербес деректерді жою, алып тастау кезінде туындайтын шығыстар меншік иесіне және (немесе) операторға, үшінші тұлғаға жүктеледі.
Субъектінің немесе оның заңды өкілінің өзінің дербес деректерін дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінде таратуға келісімін кері қайтарып алу кезінде туындайтын, дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінен дербес деректерді жоюға, алып тастауға байланысты шығыстардың көлемі, сондай-ақ осы шығыстар жүктелетін адамдар қажеттілік туындаған жағдайда сот тәртібімен айқындалады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолжетімділігі шектелген дербес деректер қолжетімділігі шектеулі дербес деректер болып табылады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Дербес деректерді жинау, өңдеу шарттары және дербес деректерді жинаудың, өңдеудің ерекшеліктері
1. Осы баптың 5-тармағында және осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинауды, өңдеуді меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
2. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) субъектінің дербес деректерін жинау, өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Дербес деректерді жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратуға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған кезде жол беріледі.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Субъектінің өзі немесе оның заңды өкілі меншік иесіне және (немесе) операторға, сондай-ақ үшінші тұлғаға осы баптың 3-тармағында көзделген келісімді бермей, дербес деректерді жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратқан жағдайда, мұндай дербес деректерді кейіннен жинау, тарату немесе өзге де өңдеу заңдылығын растау міндеті оларды жинаған, таратқан немесе өзге де өңдеген әрбір тұлғаға жүктеледі.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағының талаптары орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жалпыға бірдей қолжетімді көздерде дербес деректер таратылған жағдайларда меншік иелеріне және (немесе) операторларға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қолданылмайды.
Бұл ретте меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшінші тұлғалар ақпаратты жалпыға бірдей қолжетімді көздерде орналастыру кезінде оларды бүркемелеу арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуға жатпайтын дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, субъектіге немесе оның заңды өкіліне осы тармақтың бірінші бөлігінің негізінде таратылған дербес деректерге қолжетімділік авторландыру және сәйкестендіру рәсімдерінен өткеннен кейін беріледі.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Ақпарат көзіне сілтеме болған жағдайда, осы баптың 3, 3-1 және 4-тармақтарының негізінде жарияланған дербес деректерді үшінші тұлғалардың кейіннен жинауына, өңдеуіне және таратуына жол беріледі.
6. Осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді трансшекаралық беру түрінде дербес деректерді өңдеу, дербес деректерді жалпыға бірдей қолжетімді көздерде тарату, сондай-ақ оларды үшінші тұлғаларға беру субъектінің келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Дербес деректерді қамтитын цифрлық ресурстарда дербес деректерді жинау, өңдеу ерекшеліктері осы Заңның ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес белгіленеді.
2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Дербес деректерді жинау және өңдеу нақты, алдын ала айқындалған және заңды мақсаттарға қол жеткізумен шектелуге тиіс.
Дербес деректерді субъектіге мүліктік залал және (немесе) моральдық зиян келтіру, оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын шектеу мақсатында жинауға және өңдеуге жол берілмейді.
9. Мазмұны мен көлемі дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қатысты артық болып табылатын дербес деректер өңделуге жатпайды.
2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілерге интеграциялану болмаған, технологиялық құралдарды пайдалана отырып, субъектіні сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жеке басты куәландыратын құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салынады.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелерін жинаудың, өңдеудің осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген айрықша жағдайлары цифрлық құжаттар сервисі арқылы қалыптастырылатын жеке басты куәландыратын құжаттарды пайдалануға және ұсынуға қолданылмайды.
2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Дербес деректерді жалпыға бірдей қолжетімді көздерден мақсатсыз алу арқылы базаларды және (немесе) цифрлық объектілерді құру немесе кеңейту үшін дербес деректерді жинауға, өңдеуге тыйым салынады.
2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12. Субъектінің келісімі алынған жағдайды қоспағанда, субъектінің биометриялық деректерін жинау және оны сәйкестендіру жөніндегі технологиялық құралдарды, сондай-ақ жиналған биометриялық деректер мен сәйкестендіру ақпаратын қоғамдық орындарда пайдалану тек қана конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін.