Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу, оның орындалуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығы
(2026.13.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026.28.09. № 377 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026.28.09. № 377 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының отыз тоғызыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026.28.09. № 377 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу, оның орындалуын мониторингтеу және бағалау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;