«Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 315-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларында:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды».;
1-тармақтың жетінші - тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3 және 4- тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «цифрлық үкіметтің» операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.