Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 бұйрығы
(2026.01.07. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 276 бұйрығын қараңыз (2028 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі | Е. Нагаспаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2025 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 367 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі