«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 6 тамыздағы № 138 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14441 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің үлгілік қағидаларында:
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ол аяқталған күннен бастап бір жыл өткен соң жүргізіледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мынадай мәселелер талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі деп түсініледі:
1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;
2) мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
7) мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;
8) бюджеттік жоспарлау;
9) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
10) цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;