Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы
(2026.13.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026.06.08. № 138 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіудің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің реестрінде № 12651 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 15 қаңтарында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;