«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 526 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Министрлікке заңдармен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 59-6) тармақшамен толықтырылсын:
«59-6) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
1-тармақтың сегізінші, тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
153) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«153) Министрліктің арнайы оқу орнының цифрлық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;
1-тармақтың оныншы, он бірінші абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
175-14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«175-14) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптердің ағымдағы және болашақ кезеңдердегі өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;»;
1-тармақтың он екінші - он бесінші абзацтары 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
187) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: