Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алу үшін цифрлық жүйелерге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 60 Қаулысы
(2026.22.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.03.08. № 115 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 57-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.03.08. № 115 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алу үшін цифрлық жүйелерге қойылатын талаптар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.