«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 937 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 548 Қаулысы
(2026.27.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 937 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 548 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2026.11.06. № 487 Қаулысымен күші жойылды (2026 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2.«Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 5-6-7, 20-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: