Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 301 Қаулысы
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 24 мамырдағы
№ 301 қаулысымен
бекітілген
Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық қондырғыларды және көму пункттерін (бұдан әрі - ЯҚКП) орналастыру алаңын таңдау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) ЯҚКП орналасатын аудан - ЯҚКП қауіпсіздігіне әсер етуге қабілетті құбылыстар, процестер немесе оқиғалар пайда болатын немесе пайда болуы мүмкін ЯҚКП орналастыру мақсатында зерттелуге тиіс аумақ;