Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 шілдедегі № 99 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі | С. Жумангарин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 2 шілдедегі
№ 99 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Ауылдық елді мекендердің әлеуетін айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 50 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарда:
«Экономикалық блок (40 балл)» деген 1-бөлімде:
«Бағалау құны*» деген кіші бөлімде қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді, орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді;
қосымшада:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: