Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 234 Қаулысы
(2026.02.08. берілген өзгерістермен)
«Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
ҚР Үкіметінің 2026.18.07. № 639 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 17 наурыздағы
№ 234 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.
1) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
2) геопортал - телекоммуникация құралдары арқылы кеңістіктік деректерге және кеңістіктік деректердің геосервистеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;