«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 150-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
| Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 27 қарашадағы
№ 150-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің
тізбесі
| Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекет тік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен қабылдануына жауапты тұлға |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |