Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2024 жылғы 29 қазандағы № 863 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| ішкі істер министрдің міндетін атқарушысы | И. Лепеха |
ҚР Ішкі істер министрінің 2026.25.05. № 373 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушының
2024 жылғы 29 қазандағы
№ 863 бұйрығымен
бекітілген