Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығы
(2026.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2022.06.10. № 792 бұйрығымен (2022 ж. 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.01.10. № 742 бұйрығымен (2025 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.07. № 517 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2026.07.07. № 481 бұйрығымен (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің бастықтары ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;