Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 Қаулысы
(2026.16.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.19.11. № 203 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.28.09. № 134 Қаулысымен (2026 ж. 16 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-5-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Банктiк депозиттiк сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде № 1199 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 140 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2343 болып тіркелген);