Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 16 шілдедегі
№ 542 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1273 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 43, 433-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесiн, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 маусымдағы № 593 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 27, 256-құжат).
3. «Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 956 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 388-құжат).
4. «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат).