«Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 44 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 130 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32835 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларында, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібін және мерзімдерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;