№ 2520 болып тіркелген «Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы
жарналарының сомасы туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 28 тамыздағы № 347 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы № 659 бұйрығы
ҚР Үкіметінің 2005.22.09. № 428 қаулысымен күші жойылды
«Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 28 тамыздағы № 347 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2001 жылы 13 желтоқсанда № 1696 болып тіркелген, «Ресми газетте» 2003 ж. 8 қазанда жарияланған, № 45 (150)) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
200_ жылғы «23» желтоқсандағы № 659
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2003 жылғы 28 тамыздағы № ___
бұйрығымен бекітілген