“Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі есептi жасау мен
табыс ету ережесін, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды iске асыру мониторингiн
жүзеге асыру шеңберiнде көзделетiн ақпаратты ұсыну мерзiмдерi мен нысандарын
бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 165 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009.22.05 № 115 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабының 2-тармағына және 155-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі есептi жасау мен табыс ету ережесi, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде көзделетiн ақпаратты ұсыну мерзiмдерi мен нысандары бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаменті (М.К.Сағындықов) мен Заң басқармасы (М.Д.Әйтенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Б.А.Исаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 165 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау
жөніндегі есептi жасау және табыс ету ережесi
1. Осы Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі есептi жасау және табыс ету ережесi (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 155-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі есептi жасау және табыс ету тәртібін айқындайды.
2. Тиiмдiлiктi бағалау жөніндегі есепті жасау мен ұсынудың мақсаты бюджеттік инвестицияларды жоспарлау процесін жетілдіру және мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.