Введите номер документа
Прайс-лист

Малдардың инвазиялық ауруларын алдын-алу және жою бойынша Ветеринариялық ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 68 бұйрығы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 24 января 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 26 января 2012

Малдардың инвазиялық ауруларын алдын-алу және жою бойынша Ветеринариялық ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 68 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілгендер бекітілсін:

1) түйенің су-ауруын алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді;

2) малдардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді;

3) трихинеллезді алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді.

2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы бұйрық ресми жариялаған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр

С. А. Умбетов

 

Қазақстан Республикасы   

Ауыл шаруашылық министрінің

2005 жылғы 24 қаңтардағы  

№ 68 бұйрығымен бекітілген

Түйелердің су-ауруының алдын-алу және жою

шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі

 

Осы түйелердің су-ауруының алдын-алу және жою шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

 

1. Су-ауру (трипанозомоз) - малдардың трансмиссивтік табиғи ошақтық қызба, домбығу, лимфа түйіндерінің үлкеюі, жүдеу белгілерімен өтетін ауру. Көбінесе созылмалы түрде өтетін ауру.

2. Ауру қоздырушысы - Trіpanosoma evasі (nіnae kohі - jakіmovі), қан плазмасында, лимфа түйіндерінде, ішкі мүшелерде, нерв жүйесінде тоғышарлық күнелтеді.

3. Табиғи жағдайда түйелер, жылқылар, есектер, қашырлар, иттер, ірі қара малы, қасқырлар, мысықтар, қоян, тышқандар мен егеуқұйрықтар ауруға бейім.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами