Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар
сыйлығының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 26 тамыздағы № 897 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1256 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 16 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақтың екiнші абзацындағы ", ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың үшiншi абзацындағы "17" деген сан "28" деген санмен ауыстырылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi № 1038 қаулысы 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 335-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 тамыздағы № 897 қаулысымен
бекiтілген
ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1256 қаулысымен құрам өзгерді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар
сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
құрамы
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Білім