“Екінші деңгейдегі банктердің жылдық қаржылық есебінің тізбесі,
нысандары, мерзімдері және ұсыну мен жариялау тәртібі туралы”
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2005 жылғы 14 ақпандағы № 25 Қаулысы
(2005.27.08. берілген толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.02. № 11 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54 және 55-баптарына, "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еншілес ұйымы жоқ екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) жыл сайын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) осы қаулының 2-тармағына сәйкес жасалған, аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті берсін.
Еншілес ұйымы бар банктер жыл сайын уәкілетті мемлекеттік органға осы қаулының 2-тармағына сәйкес жасалған, шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті берсін.
Банк шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті берген кезде аудиторлық ұйымның растауы тек шоғырландырылған жылдық қаржылық есеп үшін ғана талап етіледі.
ҚР ҰБ басқармасының 2005 ж. 27 тамыздағы № 94 Қаулысымен 2 тармақ толықтырылды
2. Жылдық қаржылық есепке мыналар кіреді:
1) осы қаулының 1-қосымшасында белгіленген 1-нысан бойынша жасалған, шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) бухгалтерлік баланс;
2) осы қаулының 2-қосымшасында белгіленген 2-нысан бойынша жасалған, кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) есеп;