Табиғи монополия саласына жатқызылған телекоммуникациялар
қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін
белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті
қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 282-НҚ
бұйрығы
Осы редакция ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 76-НҚ Бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 6) тармақшасына, 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 13-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы № 1126 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 35-тармағына сәйкес, сондай-ақ табиғи монополия саласына жатқызылған телекоммуникациялар қызметтерінің тарифтеріне бірыңғай тәртібін және уақытша төмендету коэффициенттерін ұсынудың талаптарын белгілеу мақсатында Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия саласына жатқызылған телекоммуникациялар қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (Е.М. Досмағамбет) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.