“Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы 2005 жылғы 25-27 мамырдағы Алматы қаласындағы Ақпаратқа кіру, жұртшылықтың шешiмдер қабылдау процесiне қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әдiл сот iсiн жүргiзуге қол жеткізу туралы конвенция тараптарының Екiншi конференциясын дайындау және өткізу туралы хат алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 437 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы арасындағы 2005 жылғы 25-27 мамырдағы Алматы қаласындағы Ақпаратқа кіру, жұртшылықтың шешімдер қабылдау процесiне қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әдiл сот iсiн жүргiзуге қол жеткізу туралы конвенция тараптарының Екiншi конференциясын дайындау және өткізу туралы хат алмасу нысанындағы келісімнiң (бұдан әрi - Келісім) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi Айткүл Байғазықызы Самақоваға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан Келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, оған қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |