Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 6 мамырдағы
№ 437 қаулысымен
мақұлданған
Женевадағы БҰҰ офисiнiң
бас директоры жоғары мәртебелi
Сергей Орджоникидзе мырзаға
Жоғары мәртебелi,
Сiздiң 2005 жылғы 15 наурыздағы мынадай мазмұндағы хатыңызды алғанымды хабарлаймын: "Сiзге Алматы қаласында 2005 жылғы 25-27 мамырға жоспарланған Ақпаратқа кіру, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу туралы конвенция тараптарының Екiншi конференциясына орай жүгiнiп отырмын. Осы хат арқылы ?кіметтiң келісімiмен мынадай уағдаластықты қабылдауға үмiттенуге рұқсат етiңiз.
1. Конференцияға қатысушыларды Еуропа елдерi бойынша Комиссия рәсiмiнiң ережелерiне және оның қосалқы органдарына сәйкес БҰҰ-ның Экономикалық комиссиясының Атқарушы Хатшысы шақырды.
2. ?кімет 1992 жылғы 22 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған БҰҰ Бас Ассамблеясының 47/202 қарары 17-параграфының А бөлiгiне сәйкес Конференцияны ұйымдастыру мен өткізуге қатысты тiкелей немесе жанама түрде туындайтын кез келген қосымша шығыстар бойынша мiндеттемелердi өз мойнына алады. Атап айтқанда ?кімет:
а) БҰҰ-ның қызметкерлерiне Женева - Алматы - Женева бағыты бойынша әуе билеттеріне шығыстарды өтеуге;
б) әуе жүк тасымалдары үшiн немесе құжаттар мен есептердi тасымалдауға арналған жүктің артығын төлеу үшiн ваучерлердi (жол қағаздары) қамтамасыз етуге;
в) БҰҰ-ның қызметкерлерiне олар Қазақстанға келгеннен кейiн, БҰҰ ережелерi мен нұсқаулықтарына сәйкес Конференцияның өткiзілуi уақытында қолданылатын БҰҰ-ның күнделiктi ресми нормасы бойынша жергілiктi валютада терминалды шығыстарды қоса алғанда, тәуліктік ақы төлеуге міндеттенеді.
3. Үкімет Конференция өткізу шеңберiнде персоналды үй-жайды және офистiк жабдықтарды қоса алғанда, А және Б қосымшасында көрсетiлгенге сәйкес тиiстi техникалық құралдарды бередi.