Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізілімі
мен Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 79 Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 299 бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтық авиация саласындағы қызметтерді сертификаттау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1187 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізілімі (1-қосымша);
2) Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы (2-қосымша) бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Б.М. Наурызәлиевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті
Төрағасының 2005 жылғы
19 сәуірдегі № 79
бұйрығына
1-қосымша