“1997 жылғы 10 маусымдағы Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы “
Хаттама
(Баку қ., 2005 жылғы 24 мамыр)
2006 жылғы 23 мамырдағы №144-III ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі 1997 жылғы 10 маусымдағы Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасы Yкіметі арасындағы келісімнiң (бұдан әрi - Келісім) 18-бабына сәйкес мына төмендегiлер туралы келiстi:
1. Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) 2-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тараптар оларға қатысты осы алып қоюлар қолданылатын тауарлардың келiсілген номенклатурасын қамтитын Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы еркiн сауда режимiнен алып қоюдың кезең-кезеңмен күшiн жоюдың қоса берiлiп отырған кестесiне сәйкес Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасында қолданылатын еркiн сауда режимiнен алып қоюдың күшiн жоюға келiстi.
3. Осы Келісімнiң мақсаты үшiн және оның қолданылу кезеңiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарынан шығарылатын тауарлар деп олардың шыққан жерi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Үкiметтерiнiң Басшылары Кеңесiнiң 2000 жылғы 30 қарашадағы шешiмiмен бекітілген Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесiне сәйкес айқындалған тауарлар түсiнiледi.";
2) осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы Хаттама Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және Тараптардың оның күшіне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
2005 жылғы 24 мамырда Баку қаласында әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды және барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Хаттаманың ержелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтiнге жүгiнетiн болады.