«Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасы Үкіметі
арасындағы еркiн сауда туралы »
Келісім
(Алматы қ., 1997 жылғы 10 маусым)
(2005.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1999 жылғы 23 маусым № 394-I ҚР Заңымен бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Yкіметі мен Әзiрбайжан Республикасы Үкіметі,
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы сауда экономикалық ынтымақтастықты теңдiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде дамытуға ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының қалыптасқан интеграциялық экономикалық байланыстары мен екi мемлекет экономикасының өзара толығуын ескере отырып,
тауарлар мен қызмет көрсетулердiң еркiн қозғалысы өзара келісілген шараларды жүзеге асыруды талап ететiнiн мойындай отырып,
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнiң (ТСБК) және Дүниежүзiлiк сауда ұйымының (ДСҰ) принциптерiн ұстанатындықтарын растай отырып,
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1-бап
Тараптар, тең құқықтық, өзара тиiмдiлiк және мүдделiлiк принциптерiн басшылыққа ала отырып, Тараптар мемлекеттерiнде қолданылатын заң актілерін сақтай отырып, тiкелей шаруашылық байланыстар негiзiнде олардың меншiк нысанына қарамастан, шаруашылық қызметi субъектiлерi арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытатын және кеңейтетiн болады.
Әр Тарап басқа тарапқа экономикалық нұқсан келтiретiн әрекеттерге бармайтын болады.
2-бап
1. Тараптар бiр-бiрiне еркiн сауда режимiн ұсынады.
Тараптар кедендiк рәсiмдеу үшiн алымдарды қоспағанда бара-бар әрекетi бар кеден баждарын, салықтар мен алымдарды сондай-ақ, Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң кедендiк аумағында шығарылған және екiншi Тараптың мемлекетiнiң кеден аумағына арналған тауарлардың экспортын және/немесе импортына сандық шектеулер қолданбайды.
Келісілген тауарлар номенклатурасы бойынша осы сауда режимiнен алулар, осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамамен ресiмделедi.
2005 жылғы 24 мамырдағы Хаттамамен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Тараптар оларға қатысты осы алып қоюлар қолданылатын тауарлардың келiсілген номенклатурасын қамтитын Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы еркiн сауда режимiнен алып қоюдың кезең-кезеңмен күшiн жоюдың қоса берiлiп отырған кестесiне сәйкес Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасында қолданылатын еркiн сауда режимiнен алып қоюдың күшiн жоюға келiстi.
2005 жылғы 24 мамырдағы Хаттамамен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Осы Келісімнiң мақсаты үшiн және оның қолданылу кезеңiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтарынан шығарылатын тауарлар деп олардың шыққан жерi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Үкiметтерiнiң Басшылары Кеңесiнiң 2000 жылғы 30 қарашадағы шешiмiмен бекітілген Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесiне сәйкес айқындалған тауарлар түсiнiледi.
3-бап
Әр Тарап:
осы Келісімнiң әрекетiне түсетiн iшкi өндiрiстiң немесе үшiншi бiр елде шығарылған осындай тауарларға салынатын тиiстi салықтардан немесе алымдардан асатын iшкi салықтар мен алымдарды басқа тiкелей немесе жанама салмайтын;
Осы Келісімнiң әрекетiне түсетiн тауарлардың импорты немесе экспортына қатысты, ұқсас жағдайларда iшкi өндiрiстiк ұқсас тауарларға немесе үшiншi бiр елден шығатын тауарларға қолданылмайтын қандай да болмасын арнайы шектеулер мен талаптар енгiзбейтiн;
Басқа Тараптың бiрiнiң мемлекеттік кеден аумағынан шығатын тауарларды жинастыру, қайта тиеу, сақтау, тасу, сондай-ақ, төлемдер мен төлемдердi аудару қатысында өз тауарларына немесе үшiншi бiр елден шығатын тауарлар қатысында осындай жағдайларда қолданылатын өзге ережелер қолданбайтын болады.
4-бап
Тараптар өзара саудада басқа Тарапқа қатысы бойынша осы Келісімнiң шеңберіндегі тауарлардың экспорты және/немесе импортына құқығын шектейтiн сандық шектеулер немесе оларға бара-бар шараларды енгізудi қолданудан бас тартатын болады.
Тараптар, тек ойға қонымды шектерде және қатаң белгiленген мерзiмге бiржақты тәртiппен сандық немесе өзге арнайы шектеулер қоюы мүмкiн.
Осы шектеулер ерекше сипатта болуға тиiстi және ТСБК/БСҰ шеңберлеріндегі келiссөздермен көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкiн.
Осы бапқа сәйкес сандық шектеулер қолданатын Тарап аталған шектелулердi енгізудiң негiзгi себептерi, оның нысаны мен шамаланып отырған мерзiм мен қолданылуы туралы толық ақпаратты мүмкiндiгiнше алдын ала басқа Келiсушi Тарапқа табыс етуге тиiс, содан кейiн консультация тағайындалады. Консультация барысында қабылданатын шешiмдер тиiстi құжаттармен ресiмделедi.
5-бап
Осы Келісім Тараптардың кез-келгенiнiң өзiнiң өмiрлiк мүдделерiн қорғауда қажет деп санайтын немесе өзi қатысушы болып табылатын немесе қатысуға ниет еткен халықаралық шарттарды орындау үшiн сөзсiз қажеттi деп санайтын, сыртқы экономикалық байланыс саласында мемлекеттік реттеудiң халықаралық тәжiрибеде жалпы қабылданған шараларын бiржақты түрде қолдану құқығына кедергi келтiрмейдi, егер бұл шаралар:
адамдардың өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғап, сақтауға;
қоғамдық мораль мен және қоғамдық тәртiптi қорғауға;
ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
қару-жарақ, оқ-дәрi және әскери техника саудасына;
ажыратқыш материалдарды және радиоактивтiк заттардың көздерiн жеткiзуге, радиоактивтiк қалдықтарды залалсыздандыруға;
алтын, күмiс немесе өзге де бағалы металлмен асыл тастар саудасына;
орны толмайтын табиғи ресурстарды сақтауға;
төлем балансының бұзылуына;
мемлекеттік қолдау бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесiнде iшкi бағасы әлемдiк деңгейден төмен болатын өнiмдер экспортын шектеуге;
өндiрiстiк және интелектуалдық меншiктi қорғауға;
ұлттық игiлiк құндылықтарын қорғауға;
халықаралық қатынастарда соғыс уақытында немесе басқа төтенше жағдайларда қолданылатын шараларға;
халықаралық бейбiтшiлiк пен хауiпсiздiктi сақтау үшiн БҰҰ-ның Жарғысы негiзіндегі мiндеттердi орындауға арналған iс-қимылға;
және ТСБК-iнiң ХХ бабымен көзделген басқа жағдайларға қатысты болса.
Төтенше сипаттағы жағдайлардан басқа, осындай шараларды қолданушы Тарап осы бапқа сәйкес басқа Тарапқа мүмкiндiгiнше алдын ала аталған шектеулердi енгізудiң негiзгi себептерi, нысандары мен болжамды мерзiмдерi туралы толық ақпарат тапсыруға тиiс, содан соң консультациялар тағайындалады.
6-бап
Тараптар мемлекеттерi арасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі барлық есеп айырысулары мен төлемдерi банкаралық келісімдерге сәйкес негiзде жүзеге асырылатын болады.
7-бап
Тараптар Тараптарға қатысты кеден статистикасын қоса алғанда, сыртқы экономикалық қатынастарды iшкi құқықтық реттеу туралы, оның iшiнде сауда, инвестиция, салық салу, банк пен сақтандыру қызметi мен өзге де қызмет көрсетулер жөнiнде, көлiк және кеден мәселелерi жөнiнде ақпаратпен тұрақты негiзде алмасатын болады.
Тараптар бiр-бiрiне осы Келісімдi орындауға әсер етуi мүмкiн ұлттық заңдардағы өзгерістер туралы дереу хабарлайды.
Тараптардың уәкiлеттi органдары мұндай ақпаратпен алмасудың тәртібін келiседi.
Осы Келісімнiң ережелерi:
кез-келген Тараптың құзiреттi органдарын заң бойынша немесе Тараптардың бiрiнiң кәдiмгi әкiмшiлiк практикасы барысында алуға болмайтын ақпаратты алуды мiндеттемейдi.
Тараптың мемлекеттік мүддесiне қайшы келетiн қайсыбiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiп коммерциялық немесе кәсiби құпияны ашатын немесе сауда процесiн, немесе басқа бiр ақпарат беру үшiн негiз болмайды.
8-бап
Тараптар терiс пиғылды iскерлiк тәжiрибенi осы Келісімнiң мақсатымен сыйымсыз деп таниды және оның мынадай әдiстерiне жол бермеу мен жоюды мiндеттенедi:
Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында ол үшiн өзiнiң бәсекелестiкке кедергi келтiру немесе шектеу немесе шартты бұзу мақсаты бар кәсiпорындар мен iскерлiк тәжiрибенiң жалпы әдiстерiне;
Тараптар мемлекеттерi аумақтарының барлық немесе едәуiр бөлiгiнде бiр немесе бiрнеше кәсiпорындардың өздерiнiң үстемдiк жағдайларын пайдаланып бәсекелестiктi шектейтiн iс-әрекеттерiне.
9-бап
Тараптар екiжақты сауда-экономикалық қатынастарды тарифтiк және тарифтiк емес реттеудiң шараларын жүзеге асырған кезде статистикалық ақпарат алмасу, кедендiк рәсiмдердi жүргiзу үшiн Европа экономикалық қауымдастығының тауарларды сипаттау мен кодтаудың Yйлестiрiлген жүйесiне, және қисынды тарифтiк-статистикалық номенклатураға негiзделген Дүниежүзiлiк сыртқы экономикалық қызметтiң тоғыз таңбалы бiрыңғай (СЭҚ ТН) тауарлық номенклатурасын пайдаланатын болады. Кеден ұйымының Сонымен қоса Тараптар бұл ретте қажет жағдайда жеке мұқтаждары үшiн Тауарлық номенклатураны тоғыз таңбадан тыс дамытуды жүзеге асырады.
Тауарлық номенклатураның эталондық данасын енгізу тиiстi халықаралық ұйымдарда өкiлдiктер арқылы өзара келісілген негiзде жүзеге асырылады.
10-бап
Тараптар транзиттiк өту еркiндiгi принциптерiн сақтау осы Келісiмнiң мақсаттарында қол жеткiзудiң аса маңызды шарты және олардың еңбектi халықаралық бөлiсу мен кооперациялаудың жүйесiне қосылу процесiнде елеулi элемент болып табылатынына келiстi.
Осыған байланысты әр Тарап екiншi Тараптың және/немесе үшiншi елдiң мемлекетiнiң кеден аумағында шығарылған және екiншi Тараптың немесе кез-келген үшiншi елдiң кеден аумағына арналған тауарлардың өз мемлекетiнiң аумағы арқылы еркiн транзитi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етедi және экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе тасымалдаушыларға өз экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларға немесе кез келген үшiншi мемлекеттiң экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына ұсынылатын құралдар мен қызмет көрсетулерден еш кем түспейтiн шарттармен барлық бар және қажеттi құралдар мен қызмет көрсетулердi ұсынатын болады.
Тараптардың аумақтары бойынша жүктердiң өту тәртібі мен шарты тасымалдаудың халықаралық Ережелерiне сәйкес реттеледi.
11-бап
Әрбiр Тарап осы тауарлар өз аумағынан шығатын басқа Тараптың экспортына қатысты рұқсат етiлмеген тауарларды қайта экспорттауға жол бермейдi, реттеудiң тарифтiк және/немесе тарифтiк емес шараларын қолданады және/немесе өз кеден аумағынан әкету кезiнде сыртқы экономикалық жеңiлдiктер ұсынады. Тараптар рұқсатсыз қайта экспорттауға тиым салынатын тауарлардың тiзбесiн белгiлейдi, сондай-ақ мемлекеттік реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың тiзiмдерiмен алмасады.
Осындай тауарларды үшiншi елдерге қайта экспорттау тек қана осы тауарлар шығатын ел болып табылатын мемлекеттiң уәкiлеттi органы айқындайтын жазбаша келісімiмен және шарттарымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Осы ереже орындалмаған жағдайда мүдделi Тарап басқа Тараппен алдын ала консультация алысқаннан кейiн, келісімсiз қайта экспорттауға жол берген басқа Тараптың мемлекеттік аумағына осындай тауарларды шығаруды реттеу жөнiнде шараларды бiр жақты түрде енгізуге құқы бар.
Қайта экспорттау деп бiр Тараптың мемлекеттік кедендiк аумағынан шығарылатын тауарды үшiншi бiр елге экспорттау мақсатымен басқа Тараптың өз мемлекетiнiң кеден аумағынан әкетуi түсiнiледi.
12-бап
Тараптар үшiншi елдер қатысында экспорттық бақылаудың келісілген саясатын жүргiзу мақсатында ұдайы консультациялар өткiзетiн және экспорттық бақылаудың тиiмдi жүйесiн құру үшiн өзара келісілген шаралар қолданатын болады.
13-бап
Осы Келісімнiң ережелерi Тараптар арасында бұрын жасалған екi жақты келісімдердiң ережелерiн соңғысы алғашқысымен қалайда сәйкес, немесе олармен бiрдей шамада алмастырады.
14-бап
Осы Келісімде әр Тараптың үшiншi бiр елмен қарым-қатынас орнатуына, оның қатысушысы осы Тарап болып табылатын немесе бола алатын өзге бiр халықаралық келісiмдерге сәйкес өзiне алған мiндеттемелерiн орындауына егер бұл қатынастар мен мiндеттемелер осы Келісімнiң мақсаттары мен ережелерiне қайшы келмеген жағдайда ештеңе де кедергi жасамайды.
15-бап
Әр Тарап өзiнiң заңдарына және халықаралық мiндеттемелерге сәйкес басқа Тараптың шаруашылық субъектiлерiне тең құқықтық, соның iшiнде сотпен қорғалу құқықтарын және заңды мүдделер ұсынады.
16-бап
Осы Келісiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулы мәселелер келiссөздер арқылы немесе Тараптарға қолайлы басқа тәсiлдермен шешіледi.
Тараптар өзара саудада шиеленiстi жағдайларды болдырмауға ұмтылады.
17-бап
Осы Келісімнiң мақсаттарын iске асыру және екi мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау үшiн Тараптар бiрлескен қазақ-әзiрбайжан комиссиясын құруға келiстi.
18-бап
Тараптардың келiсуi бойынша, қажет болған жағдайда, осы Келісiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
19-бап
Осы Келісім Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттік рәсiмдердi орындағандықтары туралы соңғы хабарлаған күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптардың бiрi басқасына оның күшiн тоқтату ниетi туралы жазбаша хабар жiберген мерзiмнен алты ай өткенге дейiн күшiнде болады.
Осы Келісiмнiң қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн оның ережелерi оның қолданылу кезеңде жасалған, бiрақ орындалмаған Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық субъектiлерi арасындағы келісімдерге бес жылдан аспайтын мерзiмге қолданылатын болады.
Алматы қаласында 1997 жылғы 10 маусымда әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалады және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы келісiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсатында орыс тiліндегі мәтiннiң күшi басыңқы болады.
| Қазақстан Республикасы Үкіметі үшін | Әзірбайжан Республикасы Үкіметі үшін |
2005 жылғы 24 мамырдағы Хаттамамен Келісім қосымшамен толықтырылды
1997 жылғы 10 маусымдағы
Еркiн сауда туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен Әзiрбайжан Республикасы
Үкіметі арасындағы келісімге
Қосымша
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы
арасындағы еркiн сауда режимiнен алып қоюдың
кезең-кезеңмен күшiн жою кестесi
| ТМД СЭҚ ТН коды | Атауы | Алып қоюдың күшiн жою мерзiмi |
| 1 | 2 | 3 |
| Әзiрбайжан Республикасынан олардың импорты кезiнде Қазақстан Республикасының еркін сауда режимiнен алып қоюға жататын тауарларға қатысты |
| 22-топ (2201, 2202 және 2209- дан басқа) | Алкогольдiк және алкогольсiз сусындар | 2006 жылғы 1 шiлде |
| Мыналарды қоспағанда: | | |
| 2207 10 000 | Ұйытылмаған этил спирті, 80 айн. % немесе одан астам спирт қоспасымен | 2012 жылғы 1 қаңтар |
| 2207 20 000 | Ұйытылған, кез келген қоспадағы этил спирті және өзге де спирттер | 2012 жылғы 1 қаңтар |
| 2208 90 910 | Сыйымдылығы 2 л немесе одан да кем ыдыстардағы ұйытылмаған этил спиртi, 80 айн. %-дан кем спирт қоспасымен | 2012 жылғы 1 қаңтар |
| 2208 90 990 | Сыйымдылығы 2 л астам ыдыстардағы ұйытылмаған этил спирті, 80 айн. % кем спирт қоспасымен | 2012 жылғы 1 қаңтар |
| 24-топ | Темекi және темекiнiң өнеркәсiптiк алмастырғыштары | 2006 жылғы 1 шiлде |
| Қазақстан Республикасынан олардың импорты кезiнде Әзiрбайжан Республикасының еркiн сауда режимiнен алып қоюға жататын тауарларға қатысты |
| 2203, 2204, 2205, 2206, 2208 20, 2208 30, 2208 40, 2208 50, 2208 90 110, 2208 90 190, 2208 90 330, 2208 90 380, 2208 90 480, 2208 90 780 | Ликер-арақ және басқа да спирт өнімдері | 2006 жылғы 1 қаңтар |
| 2207 10 000 | Ұйытылмаған этил спиртi, 80 айн. % немесе одан астам спирт қоспасымен | 2012 жылғы 1 қаңтар |
| 2208 90 910 | Сыйымдылығы 2 л немесе одан да кем ыдыстардағы ұйытылмаған этил спиртi, 80 айн. %-дан кем спирт қоспасымен | 2012 жылғы 1 қаңтар |
| 2208 90 990 | Сыйымдылығы 2 л астам ыдыстардағы ұйытылмаған этил спирті, 80 айн. %-дан кем спирт қоспасымен | 2012 жылғы 1 қаңтар |
| 2402 20 | Құрамында темекі бар сигареттер | 2006 жылғы 1 шiлде |
Қазақстан Республикасы Yкіметі мен Әзiрбайжан Республикасы Yкіметі
арасындағы Еркiн сауда туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы Келісiмге еркiн
сауда режимiнен алулар туралы
Хаттама
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасы Үкіметі төмендегiлер туралы осы Хаттаманы жасады:
1-бап
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы еркiн сауда туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы Келісiмнiң 2-бабымен алулары көзделген мына тауарларға таратылады:
- № 1-қосымшаға сәйкес Әзiрбайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына импортталатын.
- № 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасынан Әзiрбайжан Республикасына импортталатын.
2-бап
1. Тараптар осы Хаттаманың 1-бабына сәйкес еркiн сауда тәртібінен алулар таратылатын тауарларға қатысты бiр-бiрiне ұлтқа аса қолайлы жағдай туғызады, олар:
- осындай салықтар мен алымдар алудың әдiсiн қоса алғанда № 1 және № 2 қосымшаларда көрсетiлген импортталатын тауарлардан алынатын салықтар мен алымдар;
- транзиттi кедендiк ресiмдеуге, тасымалдауға, жинастыруға, қайта тиеуге және осы тектес басқа да қызмет көрсетулерге қатысты ережелерге;
- төлемдердi төлеу және аудару әдiстерiне;
- импорттық лицензиялар беруге;
- iшкi рынокта тауарларды сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, бөлуге және пайдалануға қатысты ережелер.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi мыналарға қолданылмайды:
- Тараптардың бiрінің Кеден одағын немесе еркiн сауда аймағын құру мақсатымен, не осындай одақ, аймақ құру нәтижесiнде үшiншi бiр елге беретiн артықшылықтарға;
Тараптардың заңдарына сәйкес дамушы елдерге берiлетiн артықшылықтарға;
- шекара бойында сауданы оңайлату мақсатымен көршi елдерге берiлетiн артықшылықтарға;
- арнаулы келісімдерге сәйкес Тараптардың бiр-бiрiне беретiн артықшылықтарына.
3-бап
1. Осы Хаттама Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы еркiн сауда туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және аталған Келісіммен бiр мезгiлде күшiне енедi.
2. Осы Хаттама жоғарыда аталған Келісімнiң 2-бабында көзделген жаңа Хаттама жасалатын кезеңге дейiн күшiнде болады.
1997 жылғы 10 маусымда Алматы қаласында екi түпнұсқа данамен, әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде жасалды.
| Қазақстан Республикасы Үкіметі үшін | Әзірбайжан Республикасы Үкіметі үшін |
1997 жылғы "10" маусымдағы
еркін сауда тәртібінен алулар
туралы Хаттамаға
№ 1 Қосымша
Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасына
импорттауда еркін сауда режимінен алуларға жататын тауарлардың
Тізбесі
Тауарлардың атауы СЭҚ ТН 1993 ж.
Алкогольді және алкогольсіз 22 топ,
сусындар (мыналардан басқа
2201, 2202 және 2209)
Темекі мен темекіні 24 топ
өнеркәсіптік алмастырғыштар
1997 жылғы "10" маусымдағы
еркін сауда тәртібінен алулар
туралы Хаттамаға
№ 2 Қосымша
Қазақстан Республикасынан Әзірбайжан Республикасына
импорттауда еркін сауда режимінен алуларға жататын тауарлардың
Тізбесі
Тауарлардың атауы СЭҚ ТН 1993 ж.
Ликер-арақ және басқа спирт 2203, 2204, 2205, 2206,
өнімдері 220710000, 220810, 220820,
220830, 220840, 220850,
220890110, 220890190,
220890310, 220890330
220890390, 220890510,
220890790, 220890910,
220890990
Темекіден жасалған сигареттер 240220000