“Қазақстан Республикасының белгілі бір кеден органдарында
тауарлардың жекелеген санатын декларациялау туралы”
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау
комитетінің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 167 Бұйрығы
(2005.30.07. берілген толықтыруларымен)
ҚР Қаржы вице-министрі - Қаржы министрі кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006.13.01. № 8 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 373-бабына сәйкес тауарлардың жекелеген санаттарына кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік ресімдеу (бұдан әрі - тауарлар) 1-қосымшаға сәйкес, кеден органдары (бұдан әрі - уәкілетті кеден органдары) 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде орналасқан Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарларды мөлшеріне қарамастан тауарларды уәкілетті кеден органдарына жіберсін.
3. Осы бұйрық мынадай тауарларға қатысты қолданылмасын:
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына көрмелiк iс-шараларды өткізу үшін уақытша әкелінетін;
iзгiлiк және техникалық көмек ретiнде әкелінетін;
дипломатиялық, консулдық және оларға теңестірілген өкілдіктердің, белгіленген тәртіппен аккредиттелген шетел бұқаралық ақпарат құралдарының корреспонденттік пунктінің атына әкелінетін;
халықаралық почта жөнелтімдерімен әкелінетін;
транзит кедендік режиміне сәйкес өткізілетін;
жеке тұлғалар әкелетін және өндірістік немесе өзге де коммерциялық қызметке арналмаған, сондай-ақ жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен әкелетін.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: