Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттардың
Нұсқау, Тестілеу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 21
сәуірдегі № 02-01-02/44 бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 19 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережесінің 21-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
1) Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін үміткерлердің тестілеуді жүргізу жөніндегі нұсқауы;
2) Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін үміткерлердің тестілеу бағдарламасы.
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алуда үміткерлердің компьютерлік тестіленуі үшін екі апталық мерзімде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін. Осы бағдарламалық қамтамасыз ету облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының тестілеу орталықтарында орнатылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Ә.А.Көмекбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі
Төрағасының
2004 жылғы 21 сәуірдегі
№ 02-01-02/44 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттарды
тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқау
1. Жалпы ереже
1. Тестілеуді өткізудің мақсаты - мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттың (бұдан әрі - кандидат) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және логикалық ойлау қабілетіне әділ баға беру.