«Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді ұйымдастырудың
тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-ө бұйрығына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2005 жылғы 16 маусымдағы № 162-ө Бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006.29.12. № 311-ө бұйрығымен күші жойылды
Зейнетақы төлемдерін тағайындаудың және төлеудің тәртібін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестікке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1432 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде (2001 ж., № 20, 396-құжат) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2001 жылғы 19 сәуірдегі № 71-ө, 2003 жылғы 5 мамырдағы № 92-ө, 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 293-ө бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
атауындағы және 1-тармақтағы "зейнетақы төлемдерін" деген сөздерден кейін "мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін," деген сөздермен толықтырылсын;