15-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты.
Өзгерiп отыратын бағалардың ықпалын көрсететiн ақпарат
Мазмұны
БАСҚАРМАНЫҢ МӘЛIМДЕМЕСI, 1989 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАН
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
ТҮСIНДIРУ
ӨЗГЕРIП ОТЫРАТЫН БАҒАЛАРҒА ӘСЕР ЕТУ
Жалпы сатып алу қабiлетi негiзіндегi көзқарас
Ағымдағы құн негiзіндегi көзқарас
Iстердiң ағымдағы жағдайы
Ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын ең төменгi талаптар
АҚПАРАТТЫ БАСҚА ДА АШЫП КӨРСЕТУ
КҮШIНЕ ЕНГIЗIЛЕТIН КҮН
15-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты
Өзгерiп отыратын бағалардың ықпалын көрсететiн ақпарат
Басқарманың мәлiмдемесi, 1989 жылғы қазан.
ХБЕСК Басқармасы 1989 жылғы қазандағы өзiнiң отырысында 15-“Өзгерiп отыратын бағалардың ықпалын көрсететiн ақпарат” Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандартын ХБЕС-ына қосымша мынадай мәлiмдеме қабылдады:”15-ХБЕС шығару кезiнде күтiлген, өзгерiп отыратын бағалардың ықпалын көрсететiн ақпаратты ашып көрсету мәселесi жөніндегі Халықаралық бәтуаластыққа қол жеткен жоқ. Осының нәтижесiнде, ХБЕСК Басқармасы олардың қаржы есептiлiгi Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес келу үшiн кәсiпорындар 15-ХБЕС талап етiп отырған ақпаратты ашып көрсетуге мiндеттi деп шештi. Алайда Басқарма кәсiпорындарды осындай ақпарат ұсынуға шақырады, және оны ұсынатын кәсiпорындардың 15-ХБЕС талап етiп отырған баптарды ашып көрсетуiн талап етедi”.
15-“Өзгерiп отыратын бағалардың ықпалын көрсететiн ақпарат” Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты (15-ХБЕС) 1-27-параграфтарда айтылған. Барлық параграфтардың күшi бiрдей, бiрақ, осы стандартты ХБЕСБ қабылдаса да, ХБЕСК стандартының пiшiмiн сақтайды. 15-контексiнде “Халықаралық қаржы есептiлiгi стандарттарына алғысөз” ХБЕС-на және “Қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну тұжырымдамасы» контексiнде оқу керек. Олар егжей-тегжейлi басшылық болмаған жағдайда есеп саясатын таңдауға және қолдануға негiздi қамтамасыз етедi.
Қолданылу саласы