“Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат
жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту,
жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық
реттеу және метрология комитеті мемстандарт Төрағасының 2005 жылғы
4 сәуірдегі № 98 Бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 23 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Талғат Амангелдіұлы Момышевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология
жөніндегі Комитет Төрағасының
2005 жылғы 4 сәуірдегі
№ 98 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық
ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу,
бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу
ЕРЕЖЕСІ
Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7, 21 және 22-баптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін (бұдан әрі - ТЭА жіктеуіштері) әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптамалау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу тәртібін белгілейді.
Осы ереже талаптары мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес немесе ынталы тәртіпте жүзеге асады.
2. Мемлекеттік стандарттар:
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейтін негіз құраушы стандарттарға;