Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларын
аттестаттауды өткізу тәртібінің ережелерін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 22 қазандағы № 854
Бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттауды өткізу тәртібінің ережелері бекітілсін.
2. Орта білім департаменті (С.Есбосынова) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бақылау білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 22 қазандағы
№ 854 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру
ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу туралы
ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу ережелері (бұдан әрі - Ережелері) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына әзірленді.
Осы Ереже мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік білім білім беру ұйымдарының
басшыларын аттестаттаудың мақсаттары мен міндеттері
2. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттау - олардың кәсіби біліктілік, ғылыми-әдістемелік, құқықтық, қаржы тәртібі деңгейін және білім беру ұйымдарын тиімді басқару қабілетін анықтау жөніндегі мерзімді жүзеге асырылатын рәсім.
3. Білім беру ұйымының басшысын аттестаттаудың (бұдан әрі аттестаттау) мақсаты басшының лауазымына сәйкестігін әділ бағалау, жауапкершілігін және орындаушылық тәртібін арттыру.
4. Аттестаттаудың негізгі міндеттері:
1) республиканың білім беру жүйесіндегі жоғары білікті басқару кадрлары құрамын қалыптастыру;
2) басшылардың лауазымына сәйкестігін белгілеу;