Өтiніш берушінiң біліктілік талаптарына сәйкестiгiн қуаттау үшiн қажет құжаттардың тiзбесi туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының 2005 жылғы 19 тамыздағы № 182 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.20.09. № 610 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 23 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 327 қаулысына сәйкес және бөрене кесу жөніндегі жұмыстарға лицензия берудiң тәртібі мен шарттарын айқындау мақсаттарында БҰЙЫРАМЫН:
1. Өтiнiш берушiнiң біліктілік талаптарына сәйкестiгiн қуаттау үшiн қажет құжаттардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Комитеттiң Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы белгiленген тәртiппен осы бұйрықты мемлекеттік тiркеуге Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне жiберсiн.
3. Осы бұйрық ол бiрiншi рет ресми жарияланған сәттен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетi төрағасының
2005 жылғы 19 тамыздағы
№ 182 бұйрығымен
бекітілген
Өтiнiш берушiнiң біліктілік талаптарына сәйкестiгiн
қуаттау үшiн қажет құжаттардың тiзбесi
1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш.
2. Лицензиялық алымның төленгенiн қуаттайтын құжат.
3. Нотариалды түрде куәландырылған заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi.
4. Нотариалды түрде куәландырылған жарғының көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн).
5. Нотариалды түрде куәландырылған статистикалық карточканың көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн).