Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру
ережесін бекіту туралы Қазақтан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 ж. 27 қазандағы № 381 қаулысы
(ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.03. № 111 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Орталық депозитарийі туралы, Қазақстан Республикасында бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу туралы, Қазақстан Республикасындағы кастодиандық қызмет туралы ережені бекіту жөнінде" 1996 жылғы 29 шілдедегі № 944 қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, орталық депозитарийге, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.