«Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы
1 желтоқсандағы № 424 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2005 жылғы
21 қыркүйектегі № 341 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 122-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 3293 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесінде:
69-тармақтың екінші абзацында ", 4-бағанда - байланыспаған гранттар бойынша сома, "Барлығы" 5-бағанда 3 және 4-бағандардың сомасы көрсетіледі" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген Ережеге 18-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
көрсетілген Ережеге 21-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (В.А. Сәтқалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен оның бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін.