Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарты
ҚРСТ 991-96
"Қазақстандық" бидай ұнынан дайындалған диеталық
нан-тоқаш тағамдық бұйымдары
Техникалық шарттар
Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және
сертификация жөніндегі комитеті
Алғы сөз
1. Жасалған және енгізілген - "Нанөнеркәсіп" Акционерлік компаниясында.
Жасаушылар: Кузнецов С.М. "Нанөнеркәсіп" Акционерлік компаниясының Президенті;
Маркова Н.М. "Нанөнеркәсіп" Акционерлік компаниясы өндірістік-технологиялық бөлімінің бастығы;
Леденева Г.В. "Нанөнеркәсіп" Акционерлік компаниясы өндірістік-технологиялық бөлімінің Бас технологы.
2. Қазақстан Республикасының Мемстандарт Коллегиясының 1996.25.07. № 26 қаулысымен бекітілген және күшіне енгізілген.
3. Енгізілген- ең алғаш рет.
4. Бірінші тексерілу мерзімі 2001 жыл. Тексеру мерзімділігі 5 жыл.
Осы стандарттың тарамдылық көбейтілуіне және таратылуына Қазақстан Республикасының Мемстандартының рұқсатынсыз мүмкіндігі жоқ.
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Техникалық талаптар
4. Қабылдап алу
5. Талдау әдістері
6. Тасымалдау және сақтау
7. Дайындаушының кепілдіктері
Күшіне енетін мерзімі
_____________ дейін
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт "Қазақстандық" бидай ұнынан дайындалатын, емдік және профилактикалық. тамақтануға арналған, диеталық тоқаш-нан тағамдық бұйымдарына қолданылады.
Нан-тоқаш диеталық тағамдық бұйымдары "Қазақстандық" бидай ұнынан, қант, май, сүт және басқа шикізат қосылып дайындалады.
.Осы стандарттың 3, 4, 5 тармақтарында баяндалған талаптар міндетті болып табылады.
Халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптар мен өнімдер 3.2.6, 3.2.7 және 3.2.8 тармақтарда баяндалған.
Стандарт сертификациялау мақсатына жарамды.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарға берілген сілтемелер пайдаланылған:
МСТ 5667-65 Нан және нан-тоқаш тағамдық бұйымдары. Қабылдап алу ережелері, үлгілерді таңдап алу әдістері, органолептикалық көрсеткіштер мен бұйымдардың массаларын анықтау әдістері;