Казақстан Республикасыны мемлекетік стандарты
Табиғат қорғау. Гидросфера
Судың күшті уыттылығын инфузорияларда анықтау әдісі
ҚР СТ 17.1.4.04-98
Ресми басылым
Казақстан Республикасының Стандарттау,
метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті
Алғы сөз
1 ЗЕРТТЕП ДАЙЫНДАЛҒАН | Қазақстан Республикасының және ұсыныс енгізілген экология және биоресурстар министрлігімен “Казмеханобр” өнеркәсіптік экология жөніндегі мемлекеттік ғылыми-өндірістік бірлестігімен |
2 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ КҮШІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН | Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитетінің Қаулысымен |
3 АЛҒАШҚЫ PET ЕНГІЗІЛГЕН | № 62 0З.11.1998 ж. |
Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттігінің рұқсатысыз осы стандартты тұтасымен немесе жартылай жаңадан өндіруге, тираждауға және сатып таратуға болмайды
Мазмұны
Енгізу датасы 01.07.1999 ж.
1. Қолдану саласы
1.1 Осы стандарт минералдануы Зг/дм3 дейінгі табиғи үстіңгі және ағынды сулардың, жеке заттардың және олардың қоспаларының су ерітінділерінің улылығын Paramecium caudatium Ehrenberg инфузорияларын қолданумен анықтау әдістемесін іске асырады.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылған:
МСТ 27065-86 “СУДЫҢ сапасы. Терминдер және анықтамалар”
МСТ 12026-76 “Лабораториялық сүзгіш қағаз. Техникалық шарттар”.
МСТ 20227-91 “Лабораториялық шыны ыдыстар. Градуирленген пипеткалар. Техникалық шарттар”