Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, инвестициялық
портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативтерді есептеу және олардың орындалғандығы
туралы есептерді ұсыну Ережелерін бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөнідегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 25
қыркүйектегі № 266 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 27 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздардың нарығы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 11), 15)-тармақшаларына, 49-бабына, Қазақстан Республикасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 9-бабының 1-тармағының 5), 6)- тармақшаларына сәйкес инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттік Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) қаулы етеді:
1. Бағалы инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арнап "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативі белгіленсін.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мәні күн сайын кем дегенде 1 құрауға тиіс.
2. Қоса беріліп отырған осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арнап пруденциалдық нормативтерді есептеу және оның орындалғандығы туралы есепті ұсыну Ережелері бекітілсін.
3. Бұл қаулы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
4. Стратегия және талдау Департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң Департаментімен бірге (Байсынов М.Б.) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде осы қаулыны мемлекеттік тіркеуге алу шараларын қолға алсын;