Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация
объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттау,
сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі
ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі мен ұшуды жарықтехникалық
қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен
жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қазандағы № 206 Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 11 ақпандағы № 79 бұйрығымен күші жойылды
"Азаматтық авиация саласындағы қызметтерді сертификаттау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1187 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі;
2) Ұшуды жарықтехникалық қамсыздандыру және әуежай, әуеайлақ, әуенавигация объектілерін энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Р.Ө. Адимолдаға жүктелсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті
Төрағасының
2005 жылғы 5 қазандағы
№ 206 бұйрығымен
бекітілген